15
октябрь
2019
Ата-аналар мен қызметкерлер арасында "Бала құқықтары" бойынша түсіндірме жұмыстары
Ағымдағы жылдың 14-қазан күні балабақша меңгерушісі М.О.Хасанбаева педагог қызметкерлер мен ата-аналар арасында бала құқықтары мен әлімжеттік мәселелері бойынша Жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры У.Х. Нурматов және "Болашақ" жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Е.А. Оспановамен бірлесе отырып ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда түйткіл болған мәселенің бірі-балабақшадағы балаларды тәрбиелеу әлеуметтік желіде жарияланып, ата-аналардың тәрбиешілерге деген көзқарастарының өзгеруі бәрімізге таныс жағдай.Осы тұрғыда мамандар баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жауапкершілігі тек балабақша қызметкерлері ғана емес ата-ананың да рөлі маңызды екенін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар балабақша психологы М.Т. Курманова ата-аналармен өткізілген сауалнама арқылы бала тәрбиесіндегі кемшіліктерін айқындап ойын түрінде түзету жұмыстарын жүргізді.